Өркендеу өзектілігі – әдептен

Oinet.kz 31-10-2024 404

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Screenshot_2.jpg

Өз кезегінде, халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы-әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болып табылады.

Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. 

Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші өзіне үлкен жауапкершілік жүктелгенін, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануды әрдайым назарда ұстауы қажет.

Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Сонымен қатар, әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс. 

Бірақ, мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесі оның кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау, жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне назар аударуы қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс кезде де адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және өзін-өзі ұстауы мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі,үлгілі мінез-құлқы ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. 

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады. 

А.Мұсабек,

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбары Әдеп жөніндегі уәкілі

Так зачем же казахстанскому Парламенту нужен Институт парламентаризма?
Түркістан қаласының әкімі инвесторлармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу