Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған

Oinet.kz 06-10-2024 612

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. 

1000233527.jpg

Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады. 

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Референдум: Түркістан облысында 1 мыңға жуық учаске өз жұмысын бастады
Түркістан облысында 1 миллионнан астам адам дауыс бере алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу