Референдум: Түркістан облысында 1 мыңға жуық учаске өз жұмысын бастады

Oinet.kz 06-10-2024 588

Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. 

1000233502.jpg

Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан  13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі. 

Дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы: Ақ жаулықты әжелер референдумда дауыс берді
Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу