Түркістан облысының делегациясы Кореяның фармацевтикалық компаниясымен меморандумға қол қойды

Oinet.kz 05-04-2024 562

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапары аясында бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. 

Screenshot_25.jpg

Атап айтқанда, Dong Sung фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесті. Кездесу қорытындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді. 

Компания фотодинамикалық терапияны дамытуда. Бұл қатерлі ісік ауруын емдеуді жеңілдетеді және ем-домнан соң жанама әсерлердің аз қаупімен емдеуді тиімді етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қытай-Қазақстан бірлескен бизнес форумы өтті
Биыл Түркістан облысында 20 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу