Заң талаптары сақталмаған
Түркістан облысында тапсырыс беруші болып табылатын «Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС-і тарапынан 15.04.2019 жылғы №13 келісім шартқа 09.03.2023 жылы түзілген №3 қосымша келісім шарт негізінде «ОҚО Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыстарына 30% аванс есебінен 353 315,7 мың теңге берілген.
Алайда мердігер мекеме 2023 жылға жұмыстардың орындалуы бойынша бекітілген өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.
Бұл өз кезегінде келісім шарттың 4.1 тармағында мердігер жұмыстарды келісім шарт бойынша бекітілген жұмыс өндірісі кестесіндегі мерзімде орындайды деген талабы сақталмағаны, 2023 жылы 30% аванс есебінен берілген 353 315,7 мың теңгенің жұмыстары 31.12.2023 жылға дейін орындалмауы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 97 бап, 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
Сонымен қатар «Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан Келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Мердігерден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы бойынша 14 132,63 мың теңгені ұстап қалу, өндіру алу бойынша тиісті жұмыстар жасалынбай, сот органдарына талап арыз жолдау шараларын орындамаған.
Сондай-ақ, Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында да бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы, 2-тармағы «Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:», 1) тармақшасының «конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде» жіберіледі деген талаптары сақталмай, Мекеме жеңімпаз мердігер «ӨМІРЗАҚ» ЖШС-не 2 928 045,4 мың теңге шарттың жобасын 26.09.2022 жылы жолданып, келісім шарт 28.09.2022 жылы түзілген. Яғни, шарттың жобасы белгісіз себептермен 111 жұмыс күнінен кейін жолданған.
Қ.Тынысбек,
Түркістан облысы бойынша ішкі аудит департаменті,
сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы