Сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті

Oinet.kz 29-03-2024 855

Түркістан облысына сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті. Өз сөзінде Палата Төрағасы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс тұрғындарымен бірге өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады.

Screenshot_33.jpg

«Облыста өңірді дамытуға арналған бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс саласында және басқа да бағыттарда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Дегенмен, аймақта шешімін күткен мәселелер де бар. Әсіресе, облыс тұрғындарын су ресурстары мен жайылымдық жерлердің тапшылығы алаңдатады. Бүгін Парламенттік комиссияның отырысында осы бағытқа назар аудардық. Инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты түйткілдер де өте өзекті. Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде мәслихаттармен байланысты одан әрі арттыру және өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету жолындағы жұмысты жалғастыра береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Спикері Палата мен мәслихаттардың алдағы бірлескен жұмысының басым бағыттарын да атап өтті. Іс-шара барысында депутаттар мәслихаттардың 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру мәселелерін де талқылады.

Түркістан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша гуманитарлық көмек жинау орыны ашылды
Заң талаптары сақталмаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу