Облыстық мәслихатта өзекті мәселелер талқыланды

Oinet.kz 27-01-2024 2942

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен мақта шаруашылығы мен көктемгі егіс жұмыстарының ұйымдастырылу барысын пысықтау мақсатында арнайы жиын өткізілді.

IMG-20240126-WA0016.jpg

Басты мақсат – мақта және егін шаруашылығы бойынша өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және диқандар мен шаруаларға мемлекеттен тиісті көмектерді кедергісіз алуларына атсалысу.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы, облыстық мәслихат депутаттары, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының әкімдері мен мәслихат төрағалары және осы аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері мен  «Казсушар» РМК  филиалдарының басшылары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының және «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, мақта және егін шаруашылығындағы қордаланған өзекті мәселелерді талқылау, ағын су мәселесі мен микроқаржының берілуі туралы мәселелер талқыланды.IMG-20240126-WA0018.jpg

Аталған мәселелер бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Н.Бадырақов, «Казсушар»  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының директоры Қ.Бедебаев, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Б.Әбілдабек, «Ырыс» Микроқаржы ұйымының» басқарма төрағасы М.Мыңбаев баяндама жасады.

Баяндамашылар көктемгі егіс жұмыстары, ағын су және мақта шараушылығына қатысты шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен оны алу тетіктеріне тоқталып, түсіндіріп өтті.

IMG-20240126-WA0017.jpg

Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов аудан әкімдері мен мәслихат төрағаларына баяндамашылар атап өткен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар  мен жеңілдіктер туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, депутаттардың ауыл округтері мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың тиісті қолдауларды өз деңгейінде алуларына көмек көрсетуді ұсынды.

 Өйткені, былтыр шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді білмегендіктен, түрлі топтардың артынан еріп, наразылықтарын көрсеткен болатын.

Жалпы, жиында қаралған барлық мәселелер назарға алынып, тұрақты бақылауда болады.

Түркістан облыстық мәслихаты





Азаматтар ой-пікірін ашық айта алады
Түркістанның медициналық мекемелеріне 2 жедел жәрдем көлігі табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу