Түркістан: Ордабасыда қарттарға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 02-10-2023 243

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда  1 қазан – Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік жиындар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Screenshot_2.jpg

Іс-шарада аудан өнерпаздары ұрпақ тәрбиесіндегі қарттардың рөлі жайында әсерлі қойылым қойып, өскелең ұрпақты қарттарды құрметтеуге шақырды. 

Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков қатысып, ардагерлерді мерейлі мерекесімен құттықтады.

Мерекелік шара барысында аудан басшылары ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелерге мерекелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар қарттар арасында өткен спорттық сайыс жеңімпаздарын арнайы Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Мерекелік жиын аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Жігерлі жүрек» фестивалі
Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» облыстық байқауы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу