«Жігерлі жүрек» фестивалі
2023 жылғы 27 қыркүйекте Сауран ауданындағы ерекше жандарға арналған «Жігерлі жүрек» фестивалі кешенді іс шаралары өткізілді.
Іс шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «Шапағат» қайырымдылық қорының төрағасы Е.Шалтан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы М.Мамуджанова, Ардагерлер ұйымының төрағасы С.Ахметов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі кеңесшісі М.Жалалов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек, әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры А.Бегалиева қатысты.
Елімізде ерекше жандар үшін «Мүгедектігі бар адамдар күні» қазан айының екінші жексенбі күні белгіленген.
Бұл мереке ең алдымен ерекше жандардың түйткілді мәселелеріне қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған. Соңғы жылдары ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға да, оларды медициналық-әлеуметтік қорғауға да көп көңіл бөлінуде. Осылайша, елімізде ерекше жандар өздеріне тағайындалған жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мемлекет бюджеті есебінен қажетті құрал-жабдықтарын алып, емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылады.
Сонымен қатар, ауданымызда 2023 жылы сәуір айында «Әлеуметтік қызметтер орталығы» мекемесінде «Тең қоғам» бөлімшесі іске қосылып, күнделікті 10-15 адамға 7 бағытта қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні біздің ауданымызда 3314 мүгедектігі бар жандар бар.
Ерекше жандарға мейраммен құттықтау сөздері мен тілектер айтылды !
Іс шарада театрландырылған көрініс қойылып, арнайы бейнетүсірілім көрсетіліп, ән шырқалды, би билеп, қоғамда белсенді және үздік азаматтар құттықталды, спорттық сайыс өткізіліп жеңімпаздарына арнайы жүлде, сыйлықтар беріліп, демеушілік жасап жүрген азаматтар марапатталды.