Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-сау жүрші

Oinet.kz 30-09-2023 326

Сағынып талай жыр туар,

Мадақтар әлі сан жыршы.

Даланың иісі бұрқырап,

Қарттарым, аман-сау жүрші! 

Screenshot_20230930_141520_Facebook.jpg

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Алғашында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қазыналы қарттарымызға бұл күні құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі жолы мен өмірі насихатталады. Бұл мереке Сауран ауданында да «Қартқа құрмет - ұрпаққа міндет» тақырыппен жоғары деңгейде тойланды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Арслан Рахматуллаев,  ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов арнайы қатысып, қарттарды мерекемен құттықтады. 

«Қарты бар елдің қазынасы бар» деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де елінің тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын үлкендердің орны бөлек. Әсіресе, ардагер ардақтыларымызды құрметтеу – баршамыздың парызымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті қазыналар! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді Серік Өмірханұлы. 

Бірқатар ауданға еңбегі сіңген қарттарға аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, сый-құрмет көрсетілді. Аудан бойынша 747 ардагер, 262 тыл ардагері бар. Оның біреуі соғыс ардагері. Оларға тек мереке күні ғана емес, жай күндері де құрмет көрсетіліп жүр.  Зейнетке шықса да, ауданның қоғамның саяси өмірінен қол үзген емес. Жастарға ақылын айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, жол сілтеп жүр. 

Қария – даналық көзі. Қарты бар ауылдың берекесі, бірлігі бар. Себебі, елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар дәйім керек. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегенді әсте естен шығармағанымыз абзал.  

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Miras" кеңесі жаңа Жолдауды талқылады
«Жігерлі жүрек» фестивалі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу