Жыл басынан бері жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы 8, 3 млн үзінді көшірме берілді

Oinet.kz 08-06-2023 286

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) ағымдағы жылдың 4 айында (01.01.2023 ж.бастап 01.05.2023 ж. дейінгі кезеңде) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 8,3 млн үзінді көшірме берді.

Оның ішінде 6,09 млн (73,3 %) – электрондық форматта, 1,99 млн (24%) – автоматты режимде, 193,5 мыңы (2,3%) – Қор кеңселерінде, барып қызмет көрсету арқылы 28,9 мың (0,3%). Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып есептеледі. 

Жалпы, 4 айда Қор салымшыларға (алушыларға) шамамен 8,97 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде, электрондық форматта - 6,11 млн, автоматты түрде – 2,16 млн. қызмет жүзеге асырылып,  жалпы көлемінің 92,26% астамы қашықтықтан ұсынылды. 

Дегенмен, БЖЗҚ мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар мен алушылар да бар. 4 айда күндізгі қызмет көрсету барысында 468 мыңнан астам қызмет (қызметтердің жалпы көлемінің 5,22%) көрсетілді. Оның ішінде 396,14 мың қызмет Қор бөлімшелерінде іске асырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүзбе-жүз көрсетілетін қызметтер 25,28% аз ұсынылды. Бұл онлайн-қызметтерге сұраныстың артып келе жатқанын растайды. Естеріңізге сала кетейік, Қордың сізге жақын орналасқан бөлімшесінің мекенжайын www.enpf.kz сайтынан не БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан нақтылауға болады.

БЖЗҚ-ның Барып қызмет көрсету бөлімдері де асқан белсенділікпен еңбек етуде. Олар 69 мыңнан астам қызметтің 4,4 мыңнан астамын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға ұсынды.

"БЖЗҚ" АҚ және "Қазпошта" АҚ-ның шалғай елді мекендердегі ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында Қор салымшыларына 2023 жылғы 1 мамырға 2,7 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде қызмет алу кезінде зейнетақы жинақтары туралы хабарлау тәсілін таңдап, жеке деректемелеріңізді өзгертуге болады.

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы – БЖЗҚ үшін аса маңызды басымдыққа ие стратегиялық міндет. Оның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін, зейнетақыны қалыптастыру тәсілдері туралы білімдерін арттыру, оны жинақтау мен көбейту үрдісіне тарту. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 10,78 мың көшпелі таныстырылым өткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,27% артық. Таныстырылым барысында 237,8 мыңнан астам адам жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат және жеке ақыл-кеңес алды.  БАҚ-та жыл басынан бергі 4 ай ішінде БЖЗҚ бастамасы бойынша 14,45 мыңнан астам материал жарияланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,64%  артық.

БЖЗҚ ақыл-кеңес беру қызметтерінің де сапасына ерекше көңіл бөледі. Салымшылар мен алушылар өздеріне қажетті ақпаратты түрлі арналар арқылы, атап айтсақ: 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ала алады. Қор мамандары жыл басынан бері барлығы 225 мыңнан астам өтінішті өңдеді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Министр Түркістанда Полиция департаментінің жаңа ғимаратын ашты
Миллионға жуық адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге пайдаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу