Түркістан қалалық емханасы

Oinet.kz 27-12-2022 349

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекетік коммуналдық кәсіпорнымен  2022 жылдың желтоқсан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №55122981 «Бағдарламалық-аппараттық кешенді орнату (монтаждау) бойынша жұмыстар» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекетік коммуналдық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекетік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы маманы А.Панай

Түркістан облысының құрылыс басқармасы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу