Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2022 жылдың желтоқсан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №55766619 «Дизайн жасау (ақпараттық технологиялар саласындағы жасаудан басқа) бойынша қызмет көрсетулер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы маманы А.Панай