Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Төлеби ауданында анықталған бұзушылықтар
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2022 жылдың желтоқсан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №8771037-1 «Процессор» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 38 бабы 2 тармағында «Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде негізсіз әлеуетті өнім берушілерге «Өндіруші- Intel Core i7 12700H» болуы қажет делінген талабы қойылғандығы анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы И.Абуов