Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Сарыағаш ауданында анықталған бұзушылықтар

Oinet.kz 27-12-2022 356

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен  2022 жылдың желтоқсан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №56146021 «Қаланың (елді мекеннің, аудандардың) бас жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы маманы А.Панай

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Кентау қаласында анықталған бұзушылықтар
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Төлеби ауданында анықталған бұзушылықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу