Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие

Oinet.kz 29-11-2022 330

Созақ аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен жақында кітапхананың оқу залында «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» атты дөңгелек үстел өтті. 

Screenshot_20.jpg

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. 

Отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені, отбасыларымен кітап оқу үрдісін қалыптастырған әдебиеттің, мәдениеттің мәйегін жете түсіне білетін іс-шараның негізгі кейіпкері Баяндиевтер отбас. Кітапқұмар Баяндиевтер отбасы үш қыз, бір ұл тәрбилеп, олардан 13 немере сүйіп отырған бақытты жанұя. 

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, аудандық әжелер алқасының төрайымы Маруа Қайыржанова, ардагерлер Сатыбалды Жанұзақ, Назым Мизамбай,  Базарбай Тоқбаев Баяндиевтер отбасына тілек тілеп, кітапқұмар отбасы туралы естеліктерімен бөлісті. 

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Құралай Ыдырысова «Жанұя бақытты» атты тренинг жүргізді. Тренингке жас оқырмандар қатысып, өз ойларымен бөлісті. 

«Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары әсем ән жолдап, іс-шараға ерекше серпіліс беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Қоқыс полигондарына мониторинг жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу