Жастар жайдарманы

Oinet.kz 26-11-2022 208

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» каммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін «Жайдарман» ойыны өтті.

Screenshot_13.jpg

Іс-шараның басты мақсаты – жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойында мәдениеттілік, рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету.

Тартысты өткен сайысты  аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып берді. Аталған сайысты  Республикалық Жайдарман сайыстарында ойын көрсеткен – Нұрсұлтан Жақсыкен жүргізді.

Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін 6 команда өз өнерлерін ортаға салды.

Жайдарман ойынында сценарист, жайдарманшы, «Шымкен Жастар құрамасы» КВН-нің  капитан командасы Тағай Нұралиев, Созақ аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жеңісәлі Төлепбергенов, «Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту» бөлімінің әдіскері Ерік Досболов, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, Созақ ауданы аппаратының кадр бөлімінің маманы Ерұлан Байменов қазылық етіп, ойыншыларға әділ бағаларын берді.

Әділқазылардың шешімімен Төлеби ауданының «ТӨЛЕ БИ» құрама командасы бас жүлдені иеленді. Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «ДОСТЫҚ» (Шымкент қаласы) командасына І орын, Созақ ауданының «СОЗАҚ БАЙ» командасына ІІ орын, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «ХҚТУ» құрамасына (Түркістан қаласы) ІІІ орын берілді. Еркін құрама «Джеки шаңырақ» (Шымкент қаласы) командасының ойыншысы Мейіржан «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Жүлделі орыннан көрінген командаларға қомақты сый-сияпаттар табысталды.

Аққолтық ауылының 70 жылдығы тойланды
Жастарды әскерге шығарып салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу