Мен елімнің қорғанымын

Oinet.kz 28-11-2022 282

Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Түркістан облысы департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында «Мен елімнің қорғанымын» атты ашық есік күні өткізілді.  Патриоттық іс-шараға аудандағы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары мен арнаулы оқу орнының 150-ден астам студент қатысты.

Screenshot_28.jpg

Ашық есік барысында Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығының орынбасары М.Рысдаулетов сөз алып, жастарды әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың қызметтегі тұрмыс-тіршіліктері, әскери техникалары мен қару жарақтардың қолданылу әдістерімен, әртүрлі шабуыл және қорғану жағдайындағы киім үлгілерімен және кинологтардың міндетімен таныстырып, жастардың әскерге баруға, отанды қорғауға деген қызығушылықтарын арттыру негізгі мақсат болып табылатынын түсіндірді. 

Іс- шараға қатысушы жастардың әскери академияларға түсуіне үлкен ықпалын жасап, үлкен өмірге баспалдақ болуына септігін тигізеді. Әскери қызметшілер заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, әскери машиналар мен байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы жастарға айтып берді. Сондай-ақ, шекарашылар жастарға шекара қызметі туралы бейнероликтер көрсетті.

Бұл ашық есік күнінде жастардың патриоттық сезімдерін оятуға, әскери өмірге қызығушылықтарын арттыруға және отанды қорғауға ынталандырады.

Ал іс-шараның екінші кезеңінде аудан әкімінің кубогы үшін, «IQ BATTLE» зияткерлік сайысы болып өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Айдос Шамбулов қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білімділер сайысына аудан аумағындағы әкімшілік, кітапхана, колледждер және білім беру мекемелерінен 26 команда қатысып, мықтыны анықтады.

Тартысты әрі қызықты өткен ойшылдар сайысында 3-орынды Қызылжар ауылдық округ әкімі аппаратының «Мәңгілік Ел» құрама командасы иеленсе, 2-орынды Жылға ауылдық округі №12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының «Өрлеу» командасы иеленді, ал жүлделі 1-орынды Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының  «DDD Triple D» командасы иеленіп, кубогты қанжығасына байлады.

Жүлделі болған командаларға аудан әкімінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Самалда үш ауысымды мектептің мәселесі шешілмек
Ұзынарықта екі спорт алаңы пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу