Қазығұртта кәсіпкерлікке ден қойғандар көп
Шағын және орта кәсіпкерлік - экономиканың негізгі үлесін құрайды. Көптеген мемлекеттер шағын және орта кәсіпкерлік арқылы бәсекеге қабілетте мемлекеттер қатарына қосылуда. Сондықтан да дамушы мемлекеттер кәсібін енді бастап жатқан азаматтарға қолдау көрсеткені абзал. Бастапқыда мемлекет көмегімен кәсібін ашып жолға қойып алғандар кейіннен ел экономикасының артуына зор үлесін қосады. Олар жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, қазынаға салық төлейді.
Осы орайда Қазығұрт ауданында атқарылып жатқан игі істер өте көп. Қазығұртта жалпы 2021 жылдың 8 айында аудан көлемінде 2529 тұрғын қаржы ұйымдарынан 2 млрд. 283 млн. жеңілдетілген несие алған.
Ауданы әкімі Арман Абдуллаев Қазығұрт ауыл округінде несие алып, өз жұмысын бастаған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Женис Дуйсебаев 3,5 млн. теңге қаржы алып, өз үйінің мал қорасында ірі қара мал бордақылауда. Қалдыбай Жәнібек 2,5 млн. теңге қаржыға өз ауласынан шағын газоблок өндіруде, келешекте арнайы цех құрылысын салып өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланған. Нұржан Мұратов жиһаз жасау цехын ашып, аудан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. Жоралы Нарымбетов 6,8 млн. теңгеге өз ауласынан қора салып 6 түйе асырауда. Қымыран дайындап, көпшіліктің ықыласына бөленуде, алдағы уақытта түйе басын көбейту жоспарында бар.