Түркістанда 10 екпе салу орны ұйымдастырылды
Ақпан айынан, жұмыс барысында індет жұқтыру көрсеткіші жоғары деп танылған бірқатар сала қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе салдыру науқаны бастау алған болатын. Бұқара халық арасында ерікті түрде жалпы екпе салу жұмыстары басталуына байланысты, Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы алғашқылардың бірі болып екпе қабылдады. Бастаманы қалалық әкімдіктің өзге де қызметкерлері жалғастырып жатыр.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 10 екпе салу орындары ұйымдастырылған. Қала тұрғындары жұмыс күндері, 9:00-17:00 аралығында ерікті түрде тегін екпе салдыра алады. Екпе егу орындарының мекен-жайлары мен байланыс нөмірлері халыққа құлағдар етілді.
Жалпы, бүгінге дейін Түркістан қаласы бойынша 1. компонентті 2995 адам, 2. компонентті 1205 адам алған. Екпе салдырған азаматтар арасында Қазақстан бойынша екпенің кері әсері тіркелмеген.
Ертеректе Түркістан облысының бас имамы екпе салдыру оразаны бұзбайтынын айтып өткен болатын.
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетіне қатысты экпидемиологиялық ахуал тұрақты. Облыс «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен мамандар атап өткендей, дертпен күрестің ең тиімді жолы екпе салдыру. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға уақыт созбай ертерек екпе салу қажеттігін айтуда.