"Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы жұмыс істеуде
2021 жылдың 18 қаңтарынан қызметін бастаған «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні орталық "Bank RBK-мен" толықты. Бұған дейін азаматтар «Отбасы банкі» АҚ, екінші деңгейлі банктер: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбер банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу жолдарының ақпаратын алған болатын. Аталған орталықтың басты мақсаты құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді баспанаға мұқтаж азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы тиімді шарттармен беруге ықпал жасау. Яғни, банк пен тұрғындар арасына дәнекер болу.
Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер (1,2 және 3 бөлмелі) 2021 жылдың наурыз айынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы "Отбасы банк" АҚ, "7-20-25" бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде.
Түркістан қаласы әкімдігі «Құрылыс бөлімі» ММ-нің мәліметіне сәйкес, қазірде аталған орталықта 1 тоқсанда 16 үй, 2 тоқсанда 27 үй, 3 тоқсанда 22 үй, 4 тоқсанда 17 үй беріледі.
Бүгінде халқының саны шапшаң өсіп келе жатқан Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.