Дәрігерлер шетелде біліктілігін арттырады

Oinet.kz 11-03-2021

                           

039.jpg

«Қазақстан-2050» стратегиясында білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы тиімді жүйесін құруға баса мән берілген. 

-  Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс. Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс,-деген болатын аталған маңызды құжатты 2012 жылы халыққа арнаған Жолдауында таныстырған Елбасы Н.Назарбаев. 

Түркістан облысында бүгінде медицина қызмектерлерінің біліктілігін арттыруға баса мән берілуде. Жуырда облыстағы Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау. 

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталды. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болады. 

Жиналған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр. Жалпы, өткен жылы Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.



Қазақстанда өсіретін балықтың 70 пайызы Түркістан облысына тиесілі
Несие бәріне қолжетімді болады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×