Теңдесі жоқ туристік кешен салынуда

Oinet.kz 29-07-2020 681


Screenshot_1.png

Түркістанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуырда облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. 

Құны 39 млрд. теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.

Түркістан облысында бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей басшылығымен көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік маңызы басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту жолында Түркістан қаласында сан алуан жаңа ғимараттар бой көтерген. Спорт саласына зор көңіл бөлетін облыс басшысы қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. 

Түркістан өңірінде дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. 2 спорт зал, әлемдік аренаға жауап беретін табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар спорт кешені биыл пайдалануға беріледі. Жаңа стадионда облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтетін болады.

Сонымен қатар, Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын бассейні бар спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Құрылысы аяқталуға таяған заманауи талаптарға сай спорт кешенінде ұлттық құрама мүшелері мен облыстың жас спортшылары да жаттығатын болады. Жаңарған Түркістанда ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.


Қазығұрттық шаруалар нольдік технологияны қолданады
Карантин кезінде той жасағандарға хаттама толтырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу