Дәрі бағасын бақылайтын штаб құрылды

Oinet.kz 16-07-2020 606

001.png

Түркістан облысы мен аудандарда дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалайтын арнайы штаб құрылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Қазір күнделікті қоймадан дәрілердің ауруханалар мен дәріханаларға үлестіру жұмыстарын, сондай-ақ дәріханаларда сатылу бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. 

-Денсаулық министрі бекіткен заңнама бойынша қазіргі таңда науқастар арнайы протокол бойынша ем қабылдайды. Осы тәртіп бойынша бүгінде Түркістан облысындағы ауруханаларда 20 күнге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Бірақ ол қор апта сайын толықтырылады. Мәселен, өткен аптада гуманитарлық көмек ретінде өңірге 48 мың дана қорғаныс киімдері мен қолғап келді. Одан кейін Өзбекстан мемлекетінен 100 млн теңгеге 1,5 млн құтыдан астам пандемияға қажетті дәрілер жетті. Олар ең әуелі облыстағы ауруханалар мен емханаларға таратылып берілуде. Одан бөлек, Алматы қаласынан 2 тонна дәрі-дәрмек қоры келді. Барлық келген жүктер қатаң тәртіппен үлестіріледі, -осыған байланысты өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы  деді Марат Пашимов. 

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін облыста КВИ инфекциясы тіркелген азаматтар саны – 2341 адам. Оның ішінде ауруханада жатқаны - 196 адам. Жазылғандар – 868. Өзгелері амбулаторлық ем алуда. Қайтыс болғандар саны – 22 адам. Пневмониямен ауырып жатқан азаматтар саны – 5400. Жазылғандар саны – 4200. 1200 науқас ем қабылдауда. Қайтыс болғандар саны – 56. 


Созақта шағын бизнеске бет бұрғандар көп
Түркиядан сапасы жоғары дәрілер жеткізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу