Цифрландыру - білім мен денсаулық сақтау салаларында жоғары деңгейде жүзеге асуда

Oinet.kz 25-05-2020 668

image.png

Білім беру саласында balabaqsha.snation.kz порталы 100% іске қосылған. Жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған jumys.snation.kz жүйесі арқылы мамандардан 16820 өтініш келіп түссе, оның 3058-і осы жүйе арқылы жұмысқа орналасты. Облыс бойынша «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен мектептер 100% қосылған. 36592 аккаунттың 36286 аккаунты активация жасалған, яғни 99,16%.

Сонымен қатар, 1700 дана «Bilim Book» компьютер-планшет сатып алынып, шалғай жерде орналасқан интернет жылдамдығы төмен 235 мектепке берілді.

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет mektep.snation.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне ендірілді. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарына қосылды. 2019 жылы жүйе арқылы 52 753 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданған болатын.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 40 (100%) медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйесіне (әрі қарай – МАЖ) қосылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 медициналық ақпараттық жүйесі («Даму АТО» ЖШС, «GIS» ЖШС, «IT space» ЖШС) жұмыс істеп тұр.

40 (100%) медициналық ұйым ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылды. 233 медициналық нысаннан 175 (75%) медициналық нысан электрондық нұсқаға көшірілді. 

Түркістан облысы бойынша 1 930 215 (99,56%) электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 5973 дәрігер (100%) және 17920 орта буынды қызметкер (100%) медициналық ақпараттық жүйеге оқытылған. Бүгінгі таңда 56 897 еңбекке жарамсыздық парағы МАЖ арқылы берілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының базасында және барлық медициналық ұйымдарда (онкологиялық, кардиологиялық, инсульттік және БМСК қызметтеріне) ситуациялық орталықтар ашылды.

 


«Еңбек» бағдарламасымен еңбек етушілер көп
Цифрландыру ісінде жаңа жобалар жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу