«Еңбек» бағдарламасымен еңбек етушілер көп

Oinet.kz 25-05-2020 696

image.png

Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру саласына өткен жылы облыс бойынша 82 млрд. теңге  қарастырылды.

Облыста мемлекеттік және салалық бағдарлама шеңберінде жыл басынан бері 29 248 жаңа жұмыс орыны ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздығы 4,2%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен» 95 980 адам қамтылып, жоспар 20,6%-ға артығымен орындалды.

Атап айтар болсақ, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға нақты 3 401 адам оқуға жолданса, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5 746 адам жіберілді.

Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 2 065 адам оқуға жолданып, 1 914 адам оқуды аяқтап сертификат алды.  1859 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді.

7903 адам грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашса, 1160 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді.

Бос жұмыс орындарына 54 463 адам жұмысқа орналасты. 2573 адам жаңа жұмыс орындарына жұмысқа тұрды.

Облыста жүйелі түрде ардагерлерді, мүгедектерді сауықтыру, тегін басылымдарға жаздыру, демеушілер және жергілікті бюджеттер есебінен коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру мәселелері тиісті деңгейде шешілген.

125 796 әлеуметтік көмек алушыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 69,5 млрд. теңге бағытталды.

 


Жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді
Цифрландыру - білім мен денсаулық сақтау салаларында жоғары деңгейде жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу