Жеті жоба жүзеге асуда

Oinet.kz 25-05-2020 665

image.png

Ордабасы ауданында кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм саласында инвестициялық құны 119 млрд. 395 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның құрылыс жұмыстары эүргізілмек. Олардың қатарында Бадам елді мекеніндегі «StandardPetroleum&Co» ЖШС-нің мұнай-химия зауыты, зәйтүн өнімін терең өңдеп сағатына 3 тонна сұйық май сығатын «OLIVIES» ЖШС, «Оңтүстік газ» ЖШС-нің қойма, газ жинақтау бекетін салу жобасы, «Standard resurs» ЖШС-нің көмір химия өңдеу жобасы, Түркия елінің ең озық технологиясымен жабдықталып, жылына 20 мың тонна құс етін өңдейтін «Азия бройлер» ЖШС-нің құс фабрикасы бар.

Сондай-ақ, «Қайнар» емдеу сауықтыру орталығын ұлғайту, Шұбар елді мекеніндегі «Береке» ЖШС демалыс аймағын құру жобасы да күн тәртібінде тұр. Өндірісті цифрландыру аясында «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт зауыты Италияның заманауи озық цифрлық технологиялары мен «Ақылды жоба» бағдарламасына енді.

Өндірісті индустрияландыру мақсатында «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» іске асты. Қазақ-Түрік бірлескен индустриалды аймағы ашылды. Индустриялық парктің жалпы ауданы 112,2 гектарды құрайды. Аймақта 4 жоба – «KAZKIOTI», «Karlskrona LB AC», «Green Technology industries» іске қосылып, жұмыс жүргізуде. «GoldAluminum (Голд Алюминиум)» ЖШС-нің құрылысы аяқталып, нысан мемлекеттік қабылдаудан өтті.


Қайта өңдеу арқылы синтепон талшығын өндірілуде
Түркістанда кәсіпкерлер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу