Қайта өңдеу арқылы синтепон талшығын өндірілуде
Өндірісті индустрияландыру мақсатында «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» өңірлерді сәтті іске асуда.
Бұл бағытта, Ордабасы ауданында Қазақ-Түрік бірлескен индустриалды аймағы ашылды. Индустриялық парктің жалпы ауданы 112,2 гектарды құрайды. Аймақта 4 жоба – «KAZKIOTI», «Karlskrona LB AC», «Green Technology industries» іске қосылып, жұмыс жүргізуде. «GoldAluminum (Голд Алюминиум)» ЖШС-нің құрылысы аяқталып, нысан мемлекеттік қабылдаудан өтті.
Ал «Бадам» индустриалдық аймағында орналасқан «Green Technology industries» ЖШС-і ("ABF INVEST" ЖШС) Шанхай, Гонконг елдерінің инновациялық технологияларын пайдаланып, полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеу арқылы синтепон талшығын өндіру зауытының екінші кезеңін іске қосты.
Былтыр жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылған еді. Жобаның жалпы құны - 1,3 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның қуаттылығы жылына 15 мың тоннаны құрайды. Зауыт заманауи құралдармен жабдықталған. Құрал-жабдықтарды пайдалану барысында инновациялық технологиялар қолданылған. Полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу жобасы елімізде алғаш рет іске асырылуда. Шығарылатын өнімнің 50 пайызы экспортталады. Мұндай жобаны жүзеге асыру қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сақтауды ғана емес, қайта өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын Шанхай, Гонконг елдерінің инновациялық технологияларын пайдаланып отыр.