Сайрам сүтінің өнімдері брендке айналуда

Oinet.kz 18-05-2020 677

 image.png

Сайрам ауданында кəсіпкерлік саласы жыл сайын дамып келеді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 450,0 млн теңге көлемінде 10 жобаға, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 13 жобаға 1,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілген.

Ауданда сүт өңдеу ісімен айналысушылар көбейген. Жуырда Сайрам ауданында жобалық қуаты жылына 600 тонна болатын, жалпы құны 500 млн. теңгені құрайтын 80 жаңа жұмыс орнымен «Ақсу» ЖШС сүт өңдеу зауытын іске қосты.

Одан бөлек ауданда «AYKAN» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін зауытының ашылды. Аталған өндіріс орны «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» іске қосылған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн. теңге және 24 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қолдау көрсетілген. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады.

Ал, аудандағы «Компания Натур Продукт»  ЖШС  бүгінгі таңда  қарқынды даму үстінде. Өндірісте «Хан» сауда маркасымен  сүт өнімдері: айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады.

Кентауда барит кенін өңделеді
Кәсіпкерлер көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу