Кентауда барит кенін өңделеді

Oinet.kz 18-05-2020 692

 image.png

Кентау қаласында жобалық қуаты жылына 300 мың тонна болатын, жалпы құны 700 млн. теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен «Vostok Minerals» ЖШС барит кенін өңдеу зауытын іске қосты.

Жалпы Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны – 6441,5 млн.теңге 5 жоба енгізіліп, солардың 4 жоба толығымен  іске асырылды.

Атап айтар болсақ, оның ішінде: «ЮгЭлектроПривод» ЖШС «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы, жоба құны-828,0 млн.теңге.

 «Электродеталь» ЖШС «35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығару» жобасы, жоба құны -816,0 млн.теңге.

«Статус Эверест» ЖШС – «ПЭТ, ПП, ПЕ» қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобасы, жоба құны 100,0 млн.теңге. Жұмыс орындары 25 адам. Қазіргі таңда кәсіпорын өткізу нарығын қарастырып жатыр.

«Vostok Minerals» ЖШС – «Барит өнімдерін өңдеу» жобасы, жоба құны 138,4 млн.теңге. Жұмыс орындары 110 адам. Өткізу нарығын қарастыруда.

«ГРК «Металлинвест» ЖШС-нің «Барит концентратының өндірісімен Ансай кен орынының барит кеніне өнеркәсіптік қазба жұмыстарын жүргізу» жобасы.  Жоба құны -4559,1 млн.теңге. Іске асыру мерзімі 2020 жыл деп күтілуде.


Кентауда қатты қалдықтар қайта өндіріледі
Сайрам сүтінің өнімдері брендке айналуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу