Тығайтқыш алуға өтінім электронды түрде қабылдануда

Oinet.kz 06-05-2020 728

 image.png

Түркістан облысы Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биылғы жоспарға сай ауданда егілетін егіс көлемі үйіргелік жерлерді қоса есептегенде 65684 гектарға жетіп отыр.

Бұл жұмыстарға 2340 тонна жанар-жағар май бөлініп, ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда. Атап айтсақ, бүгінгі таңда аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 201 соқа, 578 доңғалақты техника, 318 тырма және 139 дән сепкіш тартылған. Сондай-ақ, егілетін егіс көлеміне қажетті тұқым да 100 пайыз әзірленіпті.

Көктемгі дала жұмыстарына 1 агроқұрылым «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 30 млн. теңге және 3 шаруа қожалығы «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 22 млн. теңге несие алып,жұмыс істеуде.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай 1 алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 105 бірлік жоба іске асып, 17 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Биыл минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім тастап, 50 пайыз субсидиялауға қол жеткізіп отыр.

«КазАзот» АҚ арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін тыңайтқышқа агроқұрылымдардан 1141,8 тонна минералды тыңайтқышқа өтінімдер түсіп, келісім-шарт түзіп, бүгінгі күнге 895 тоннасы алынып, жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, тамшылатып суғару технологиясы 35 гектарға, суармалы жердің көлемі 80 гектарға, жылыжай көлемі 0,2 гектарға, қарқынды жеміс-жидектің көлемі 35 гектарға артып, ауылшаруашылық техникалары 4 бірлікке жаңаланған.


Түркістанның көркеюі – ел мерейі
Сайрам ауданында 100 гектарды құрайтын қарқынды бау егу ісі қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу