Жетісайда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Oinet.kz 09-04-2020 606

92166976_526669064933525_2094371043035578368_n.jpg

Әлем елдеріне қауіп төндіріп отырған Сovid19 пандемиясы Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданын да айналып өтпегені рас. Қазіргі таңда індеттің таралуына байланысты елде карантин жарияланып, сақтық шаралары максималды түрде күшейтілді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасө қызметі хабарлады. Барлық жерлерде жауапты мамандардан арнайы штабтар құрылып, атқарылар жұмыстардың жоспары пысықталуда.

Жетісай ауданында құрылған штабтың төрағасы, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың төрағалығымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілген болатын. Бекітілген жоспарға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, індетке шалдығушылардың қатарын арттырмау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр. Қала, кент, ауылдық округтардың барлық елді мекендерінде көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары мен саябақ, скверлер, дүкендер мен базарлардың маңына күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың көшелерде бейберекет бетпердесіз жүрулеріне тыйым салынуда.

Ал, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен,

Жетісай қаласында карантинге жабылған ел аузында «Садовая» атанып кеткен шағын ауданының тұрғындарын Жетісай қаласы әкімі аппаратының, Жастар Ресурстық орталығының жігіттерінен құралған ерікті жастар күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта карантин режимінде отырған тұрғындарға аудан әкімдігінің тарапынан үздіксіз көмек көрсетілетін болады.


CALL-орталыққа 2 аптада 37 мыңнан астам қоңырау түсті
Кәсіпкерлер 2 миллион 160 мың теңгенің азық-түлігін таратты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу