CALL-орталыққа 2 аптада 37 мыңнан астам қоңырау түсті

Oinet.kz 09-04-2020 614

5e8c67328fa56.jpg


Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Call-орталыққа өңір тұрғындарынан 37 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

109 номеріне хабарласқан азаматтардың дені төтенше жағдай кезінде аудан қалалардағы тұрғындардың жүріп-тұруы, азық-түлік бағалары, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге Үкіметтен берілетін әлеуметтік көмек жайындағы сауалдармен хабарласқан.

Айта кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап облыс әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру мақсатында арнайы Call–орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық тәулік бойы 24/7 форматында тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде кері байланыс орнатып жұмыс істеп келеді.

2020 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 34-ке жетті.

Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының 1995 ж. азаматынан вирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы- 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 6, Сарыағаш - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.




Карантин аумағындағыларға көмек тоқтамайды
Жетісайда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу