Туристік нысандардың құрылысы қарқынды

Oinet.kz 27-03-2020 626

84400065_2561498594110280_2295446439578304512_n.jpg

Түркі дүниесінің түп қазығы саналған Түркістан - туристер тамашалауға таптырмас мекен!  Облыс орталығының туристтік әілеуетін одан әрі арттыру мақсатында жазық алаң мен жүгіру жолы қамтылған 7000 орындық орталық стадион салынуда.⠀

Әкімшілік-іскерлік орталықтағы ашық алаңды стадион ғимаратында акробатика, бокс, ауыр атлетикамен айналысуға арналған залдар да болады деп жоспарланған.⠀

Стадион - спорт саласы дамып келе жатқан шаһардағы спортсүйер қауым үшін таптырмас орын болмақ. Мұнда түрлі халықаралық дәрежедегі сайыстар өтіп, туристер санының артуына ықпал етіп, Түркістан даңқы көтеріле түсері анық.⠀

2019 жылы құрылысы басталған нысан 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сондай тағы бір туристік ғимараттың бірі- Қабылдау орталығы. Жамбыл өңірінің тартуы 2018 жылы құрылысы басталып, былтыр аяқталған болатын. Бүгінде нысанды ел игілігіне беруге дайындық жұмыстары жүруде.

Қабылдау орталығы - Рухани-мәдени орталықта салынған, Түркістан үшін ерекше нысан болмақ. Себебі, рухани шаһарға келген туристер алдымен осы орталыққа аяқ басады. Қала жайлы бүкіл ақпаратты, қандай демалыс орындары, саябақтар, ғимараттар бар екенін, қалай жететінін де осы жерден біледі. Мұнда бірнеше тілдерді меңгерген гидтер болады. Демек, шет тілдерді білетін азаматтар үшін жаңа жұмыс орны пайда болады.

Көк күмбезді кесене жанынан іргесі қаланған орталықтың сыртқы пішіні де көне шаһардың көркін ашпақ. Мұндағы ең басты мақсат - келушілерге қолайлы және жайлы жағдай жасау.


«Әзірет Сұлтан» - теңдесі жоқ сәулет туындысы
Арыстық кәсіпкер медициналық маска тігуді қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу