«Батька» сыр берді
23-05-2023
Әнші Нұрлан Еспанов қазір жас әншілер туралы ойын айтты. Еспановтың айтуынша, әнші болу үшін де түр-келбетіңнің сұлу болғаны маңызды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Қазір сахнаға аяғын сүртпей кіріп кете беретін әншілер көбейді ғой. Әнші болудың, сахнаның да талаптары бар. Мәселен, әнші болғысы келетін адамның түрі болу керек қой. Адам алдымен түріне қарау керек. Мен жастар арасында да, орта буын арасында да абыройым бар деп есептеймін. Қаншама әнім хит болды. Оны абыройлы топтар орындады. Әлі де талай жоспарлар бар. Ән шығарамын, ән жазамын. Тойға шығамын. Тойдан түскен табысым отбасымды асырауға жетеді. Алайда қонақ күтуге жетпейді", - деді әнші.
Еспанов бір кездері аспазшы боламын деп ойлаған. Әншілікке бет бұрмай тұрған шақты аспаз болудың қыр-сырын меңгергенін айтады. Тіпті, оқуын да оқыған екен. Дегенмен бала күнінен музыкаға бейім болғанын, соның әсерімен өнерге келгенін түсіндірді.