Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
24-07-2022
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Күйеуі мен бала-шағасы жайлы шындықты бүкпесіз ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын, және оның өз отбасы бар екенін ашық айтты.
“Мен Қайраттың екінші әйелімін. Оны көбі біледі. Күйеуімнен 12 жас кішімін. Бес баласы бар. Екеуміз үйленер алдында маған талабын айтты. Ешуақытты менің бірінші орында болмайтынымды ескертті. Бірінші кезекте балалары, содан кейін ғана менің жағдайым. Осыған келіссең, бәрі жақсы болады деді. Оны қабылдадым. Және ол шарт бұзылмайды. Бірінші екеуміздің емес, оның бірінші некедегі балаларының жағдайы жасалады», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.