«Енді болған шығар»: Дәурен мен Ақботаның ажырасып кеткені рас па?

Oinet.kz 25-06-2020 2098

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Дәурен мен Ақбота Айдарқұловтардың өмірі бүгінде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары қос жұлдызды ажырасып кетті деп болжауда. Олар өнер иелерінің бірге түскен суреттерін алып тастап, Instagram-да бір-бірін өшіріп тастағанын байқап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Screenshot_3.jpg

Жұлдызды жұптың жанкүйерлері әртістердің арақатынасында түсініксіз жайттардың орын алып жатқанын бірден сезіп қойған. Алдымен, олар Ақбота Айдарқұлованың парақшасындағы соңғы жазбалары мұңға толы болып кеткенін байқады. Артынан қос жұлдыздың Instagram желісінде бір-біріне жазылмағанын және ортақ фотоларын өшіріп тастағанын аңғарған. Ақбота Айдарқұлова өзінен Дәурен екеуінің қарым-қатынасы жайлы сұраған оқырманына да екі ойлы жауап берген. 

"Менің өмірімнің кіріспесін жақсылап тамашалап көрдіңіздер. Енді болған шығар иә? Енді жеке өзімнің әлемімнің ішіне араласпауыңызды өтінемін" , - деді әнші ару. 

Дәурен Айдарқұлов болса, бұл тұрғыда әлі де үнсіздік сақтауда. Әзірге қос әртіс тарапынан олардың ажырасқаны жайлы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бойын дендеп жүрген сырқаты жайлы айтты
«Рахаттанамын…»: Тұрсын Алагөзов жұбайы Баян екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашық айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу