Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бойын дендеп жүрген сырқаты жайлы айтты

Oinet.kz 25-06-2020 5346

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Әбдіжаппар Әлқожа елімізде орын алған жағдайға байланысты барша отандастарын аурудан сақтанып жүруге шақырды. Әнші өзінің сырқаттанып қалғанын көпшіліктен жасырмады. Себебі, ол дәм сезбей, әлсіреп жүргенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

Әбдіжаппар Әлқожа желідегі оқырмандарынан қазіргі таңда жүріп жатқан вирус пен тұмау атаулысына немқұрайлы қарамауын сұрады. Әнші оларға өздерінің және үйдегі егде жастағы адамдардың денсаулығын бақылуын өтінген. Ол Instagram парақшасында жазба қалдырып,бүгінде өзі де дем сезбей жүргенін айтты. 

- "Коронавирусын қайдам. Түсінбедім. Тұмауы шынымен екен. Дәм сезбей,көздің ішкі қуысы ауырып,әлсіреп жүрміз. Сақтанып жүріңіздер. Иммунитеттеріңізді жоғары қылуға тырысыңыздар. Диета, дұрыс тамақтану деген қазір керек емес екен. Үйдегі үлкендерге қараңыздаршы. Ол кісілерге қатты тиеді екен мына тұмау. Алла халқымызды аурудан сақтасын" , - деп жазды ол. 

«Алтынай Жорабаеваның келіндік өмірі қалай өтіп жатыр?» - әншінің жауабы
«Енді болған шығар»: Дәурен мен Ақботаның ажырасып кеткені рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу