Жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей жүрген жұлдыздар кімдер

Oinet.kz 05-02-2020 1141

Еліміздің ірі мегаполистеріне сергек бақылау жүйесі орнатылғалы шоу-бизнес өкілдерінің мазасы кетті. Түрлі концерттер мен мерекелік шараларға үнемі асығып баратын өнер иелері шетінен жасырын камераға түсіп қалуда. Әртістер жол ережесін бұзғанымен, одан келген айыппұлдарды төлеуге асығар емес деп жазады ShowNewsKZ.

image.png

Сергектен жапа шеккен жұлдыздар арасында Жахан Отарғалиев те бар. Ол 270 мың теңге айыппұл төлеген.

"Екі ай өтіп кетті, 270 мың штраф төледім. Сергек мен сені жек көремін. Енді ол камера біреуге керек шығар білмеймін. Маған керек емес әйтеуір. Маған түк қажеті жоқ", – деді Жахан Отарғалиев.

Жанболат Найзабеков болса асығып жылдамдықты шектен тыс асырып жіберетінін жасырмады.

"Сергекке шынымды айтайын 150 мың теңге төледім. Енді шыны керек біз мойындаймыз концерт, той асығатын кездер болады. Ондай кезде сергекке қарамайсыз ғой. Сондықтанда енді халықпен бірге төлеп жатырмыз", – дейді ол.

Ал Дәурен Айдарқұлов ескерту қағаздары келгенімен, оларды төлеуге әзірге асығар емес.

"Ескерту қағаздары жиналып қалды біраз, бірақ әлі төлеген жоқпын. Шектен шыға бастаған кезде төлейтін шығармын" , – деді актер.

«Музарт» солистінің ұлы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Айжан Байзақова 100 млн. теңге тұратын автокөлігімен мақтанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу