Не үшін үйлену керек?

Oinet.kz 13-08-2019 3946

Screenshot_1.jpg

Үйлену – пенделер үшін пайдалы, үлкен мақсатқа бастайтын, Аллаһ тағала жолға қойған ұлы да, берекелі келісім. Үйленудегі негізгі мақсат екеу: ұрпақ сүю және харамнан сақтану.

Біріншісі – ұрпақ. Отау құруға ниет еткен адамның алғашқы мақсаты – Аллаһ тағалаға құлшылық қылатын, өзі дүниеден өткенде артынан дұға жасайтын, шаңырағының түтінін жалғастыратын игі ұрпақ қалдыру, яғни перзент сүю. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге үйленуге әмір ететін және үйленбеу ниетінен қайтарып: «Көп туатын сүйкімді әйелге үйленіңдер. Өйткені Қиямет күні мен сендермен бірге басқа пайғамбарлардың алдында көп болып тұрамын», – деген. Бұл хадис Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Көп туатын сүйкімді әйел» деген сөзі көп баланы дүниеге әкелетін, жақсы қасиеттерімен, көркем мінез-құлқымен күйеуіне өзін жақсы көрсете білетін сүйкімді әйел дегенді білдіреді. Ал «көп болып тұрамын» деген сөзінің мәні – Қиямет күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетінің көптігімен өзге пайғамбарлар алдында қуанып тұрады. Өйткені кімнің үмбеті көп болса, сауабы да соғұрлым зор келеді. Үйленудің осынау ұлы мақсатын Аллаһ тағала: «...Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер келтірді (яғни пайда болдырды)»  – деп айқындайды.

Екіншісі – харамнан сақтану. Үйленудегі негізгі мақсаттардың бірі – тек қана тән құмарлығы мен қажетін өтеғана емес, сонымен қатар зина және басқа да әдепсіз іс-әрекеттерден сақтану. Демек, үйлену ұстамдылықтың артуына септігін тигізеді. Бірақ харамнан сақтану тек ниетке байланысты болғандықтан, бұл екеуін бір-бірінен айыруға болмайды. Себебі егер адам қайта-қайта жыныстық қатынас жасап, тек қана құмарлығын басумен шектелсе, онда оның жануарлардан айырмашылығы қайсы?! Ендеше, еркек пен әйелдің бас қосуының үлкен бір мақсаты болуы тиіс. Бұл – құмарлықты басу мен харамнан тыйылу үшін халал жолмен қосылу. Бұл ислами көзқарас. Екі адам көңілдерін толықтыру үшін үйленеді.

 «Жұбайлар шаттығы» кітабынан

Бүкіл ғаламатты Құдай жаратқан болса, демек, зұлымдықты да жаратты...
Шарасыздықтан алынған несиеге шариғат не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу