Имам Ахмадтың үйленер күні ұлына айтқан өсиеті
1. Асылында, әйел баласы өзіне деген махаббатты дәлелдеуін және мойындауын жақсы көреді, сондықтан сезім білдіруде сараңдық жасама. Әйтпесе араларыңдағы жылу мен махаббатты дөрекілік пен қатыгездік алмастырады.
2. Қатал әрі дөрекі ерден жиреніп, әлсіз әрі көнбіс ерді басыну әйелге тән. Тепе-теңдікті сақта, бұл үйлеріңде махаббат пен тыныштық орнатады.
3. Ерлер әйелдерінің бойында нені жақсы көрсе, әйелдер де ерлерде сол нәрселерді жақсы көреді – ол жылы сөз, әдемі сырт келбет, таза киім, жағымды иіс. Ендеше әрдайым сондай болуға тырыс.
4. Есіңде болсын, үй – әйелдің патшалығы, мұнда ол өзін тақта отырған патшайымдай сезінеді. Оның иелігін бұзудан, оны тағынан түсіруден сақтан. Себебі басшы үшін билігіне киліккен адамнан асқан жау жоқ.
5. Есіңде болсын, әйел күйеуімен бірге болуды қалайды, алайда өз туыстарынан да айырылғысы келмейді. Сондықтан оны өзің мен туыстарының арасында таңдау жасауға мәжбүрлеме. Егер ол сені таңдаса, олардың арасында туындаған алауыздық міндетті түрде сендердің күнделікті өмірлеріңнен көрініс табады.
6. Расында әйел баласы майысқан қабырғадан жаратылған және оның кереметінің құпиясы да осында, және де бұл оның кемшілігі емес, керісінше ғажайып сыры. Сол себепті ол бір істен қателессе қаталдық танытпа, керісінше түсіністікпен қара. Ал егер оны түзеуді қаласаң, сындырып алуың мүмкін. Мұның түбі ажырасуға апарады. Қателік жасаса жалғыз қалдырма, бұл оның қыңырлығы мен қисықтығын арттырады да, сені еркелігінен, мейірімінен айырады, сөздерің оған жетпейтін болады. Сондықтан әрқашан ортаны ұстан.
7. Әйелдердің табиғатында өздеріне жасалған жақсылықты бағаламау барын ұмытпа. Өмір бойы оған жақсылық-шарапат жасап келіп, бір ғана қателік жіберсең, ол сенен бір де бір жақсылық көрмегенін айтып шығады. Бұл сенің бойыңда жек көрініш тудырмасын, ажырасудың себебіне де айналмасын. Расында оның бір қасиетіне көңілің толмаса, басқа қасиеттері қуаныш сыйлайды.
8. Есіңде болсын, әйелді ішінара әлсіздік басады – дене әлсіздігі де, әрі рухани әлсіздік те. Мұндай уақытта күші оралып, мазасыздығы басылғанша Жаратушы оны құлшылықтан босатады. Ендеше осындай уақыттарда оған мейріммен қарап, ауыртпашылықтар жүктеме. Алла өзінің мейірімділігінің арқасында оны кейбір діни міндеттерден босатқанын естен шығарма.
9. Әйел сенің тұтқының екенін ұмытпа, ендеше оған мейіріммен қара және оның әлсіздігін естен шығарма. Есесіне үлкен рахат табасың, өмір жолыңда керемет дос және көмекшіге ие боласың.
mazhab.kz