Пайғамбарымызды ﷺ сүйсіндірген Әбу Бәкрдің әрекеті

Oinet.kz 10-08-2020 672

Расулаллаға пайғамбарлық түскеннен мүшіріктер тыным бермеді. Бірде Раббымыз Пайғамбарымызға (ﷺ )Жәбрейіл арқылы хабар беріп, сол түні һижрет етуіне әмір берді. Сол түні һижреттегі жан серігі Әбу Бәкір болды. Ол Пайғамбарлар падишасымен (ﷺ) бірге һижрет ететінін естігенде, қуаныштан көз жасын төкті. Өліммен ұласуы мүмкін қатерлі сапарға шығатынын естігенде, қуаныштан көз жасын төгу не деген жанкештілік десеңізші!

Многоликий ислам

Ардақты елші (ﷺ) сол түні өзінің төсегінде Әлиді қалдырып, Әбу Бәкір екеуі ел көзінен жасырынып жолға шықты. Олар Сәур тауына қарай бет алды. Әбу Бәкірдің көңілі толқып Адамзаттың ардақтысына (ﷺ) зиян келмесін деп қобалжыды. Мүшріктердің оларды байқап іздеріне түсуі мүмкін еді. Ол өзін мүлдем ұмытып, тек қана Пайғамбарымызды (ﷺ) ойлаумен болды. Ардақты елшінің алдын орағытып, артынан түсіп, оңына бір, солына бір шығып, кенеттен келуі мүмкін қатерге қарсы қорған болуға тырысты. Олар түннің бір уақытында Сәур тауындағы ішіне адам кірмеген үңгірге келіп жетті. Оның іші құрт-құмырсқа, жылан мен шаянға толы еді. Үңгірге бірінші Әбу Бәкір кіріп, айналаны тексеріп, киімінің құрақтарымен тесіктерді бітеп шықты. Құрақ жетпегендіктен бір тесікті аяғымен бітеді. Алланың елшісі келіп оның қасына отырды. Ардақты елші (ﷺ) көз шырымын алмақшы болып, оның тізесіне басын қойып, мызғып кетті. Қас қылғандай Әбу Бәкірдің тесікті бітеген аяғы жанын көзіне көрсетіп удай ашиды. Ауру жанына батса да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұйқысын бұзып алудан қорқып, орнынан тырп етпеді. Бірақ, дызылдаған аяғы шыдатпай, еріксіз көзінен жас ыршып кетті. Нұрлы жүзіне тамған ыстық көз жасынан оянып кеткен Алланың Ардақты елшісі (ﷺ):

  • Саған не болды, ей, Әбу Бәкір? – деді.

  •  Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Аяғымды бір нәрсе шақты, – деді даусы қынжыла шығып (Ибн Әсир, әл-Кәмил фит-тарих, ауд. М. Бешир, Ерярсой, Истанбул, 1985, 2:419-420).

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба Адамзат баласының бақыты үшін жіберілген Сүйікті пайғамбарымыз (ﷺ) мүбәрәк түкірігінен жаққан кезде хазірет Әбу Бәкірдің аяғының ашыған жері бірден тоқтады. Досының бұл жанкешті әрекетіне тебіренген Пайғамбарымыз (ﷺ):

– Ей, Аллаһым, қиямет күнінде Әбу Бәкірдің дәрежесін менімен бірдей қыл!– деді. Алла тағала осы үңгірде жасырынған екі мүбәрәк тұлғаны жаудың қолынан құтқару үшін өрмекші мен көгершінді пайдаланды. Алланың әмірімен өрмекші үңгірдің аузына тор тоқып, көгершін ұя жасады. Мүшріктер Пайғамбарымыздың орнын сипап қалды. Оны табу үшін ең мықты ізкесушілерді жалдап жолға шықты. Ізкесушілердің бастап жүруімен олар Пайғамбарымыздың тығылған үңгірінің аузына дейін келді. Үңгірдің аузындағы өрмекшінің ауы мен көгершіннің ұясын көріп алданған мүшріктер ол жерге адам кіруінің мүмкін еместігін ойлап кері қайтты. Міне, құдіреті күшті Алла дүниеде ең әлсіз өрмекшінің торы мен көгершіннің ұясы арқылы Елшісін осылайша қорғап қалды.

«Саңлақ сахабалар»


Омар (р.а) келінді қалай таңдаған?
Пайғамбардың түр-келбеті қандай болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу