Ауыз ашуға асыққан адам жақсылық пен игілікте болады

Oinet.kz 30-04-2020 1725

Ораза ұстаушы адам ауыз ашар уақыты кірсе де, оразасын бұзуға асықпай, уақыт өткізіп жүре беруіне болмайды. Себебі, ауыз ашуды кешіктірy өзге кітап иелеріне тән (Әбу Дәуд, Нәсаи, Хаким). Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 

image.png

- «Адамдар ауыз ашуға асығып жүргендеріне дейін игілікте болады», - деген (Бұхари, Муслим). Сонымен бірге ауызды ақшам намазын оқымай тұрып ашқан абзал. Себебі, Әнас ибн Мәлик (р.а): «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауызын ашпастан ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін», - деген. (Әбу Яғлә, Ибн Хузайма). 

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Есірткіге тәуелді жігіттің жан айқайы!
Тарауих намазын үйде қалай оқимыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу