Теріге зиянын тигізетін 5 әдет

Oinet.kz 20-02-2019 1032

Тері күтімін қатаң сақтансаңыз да, ол терінің сау болуына кепіл емес. Себебі ең жақсы күтімнің өзін сызып тастайтын бірнеше әдет бар. 

7b59ea3a77cee32268b09ce3f7bf0b77.jpg

Теріні ұйықтар алдында толық тазаламау 

Ұйқы да тамақтану мен күтім секілді өте маңызды. Түнде жасушалар қалпына келеді және жаңарады. Бірақ ол тері толық таза кезінде ғана солай болады. Кейде шаршап келгенде макияжды сүртпей ұйықтап қалуыңыз мүмкін. Алайда лас, майлы тері және сүртілмеген косметика тесіктерді бітеп, безеудің пайда болуына және терінің құрғауына ықпал етеді.

Темекі тарту

Никотин теріге қан құйылуын азайтады, сондықтан ол оттек пен қоректік заттарды толықтыра алмайды. Ал темекі құрамындағы улы заттар коллаген мен эластин ақуыздарын зақымдап, нәтижесінде тері серпімділігін жоғалтады. Темекі кесірінен жара баяу жазылады: отадан соң темекі тартатын адамдардың ішіндегі тыртығы орташа есеппен 7 мм болса, темекі тартпайтын адамдардың тыртығы 3 мм болады екен. 

Күннен қорғайтын құралды күніне бір рет қана қолдану 

SPF-кремдердің әсеріекі сағаттан аспайды, ал күн теріні минут сайын қартайтады. Күннен қорғайтын құралды аямай қолданыңыз. SPF 30 кремін қолдануға тырысыңыз. Оны далаға шыққан сайын жағып алыңыз. Егер макияжды құртып аламын деп ойласаңыз, күннен қорғайтын әсері бар тональді крем немесе ұнтақ қолданыңыз. 

Тәттіге құмарлық 

Зерттеулер бойынша, қанттың көп болуы теріні қартайтады екен. Балғын жемістер мен көкөністер керісінше, теріні қорғайды. 

Безеуді дұрыс емдемеу

Безеуді сығу арқылы тыртық жасап алуыңыз немесе жұқпа жұқтыруыңыз мүмкін.

Дереккөз: massaget.kz

Әжімге қарсы маскалар
Пигментті дақтардан қалай құтылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу