Әжімге қарсы маскалар

Oinet.kz 20-11-2019 1326

Адамның жасы ұлғайған сайын тері де қартая бастайды. Ал бетіңізге әжім түссе, одан біржолата арыла алмайсыз. Дегенмен теріге жасалған күтім арқылы әжімнің ерте түсуінен сақтануға болады. Назарларыңызға үйде жасалатын әжімге қарсы әдіс-тәсіл ұсынамыз. 

Ең әуелі маска жасамас бұрын бетті жақсылап жуып, тазалайды. Сосын лосьонмен сүртіп, масканы жағады. Оны кемінде 20 минут қана ұстайды. Содан соң сабынсыз сумен бетті шаяды. 

60ac4b90aba63238dc438020acb7bc44.jpg

Майда әжімдерге арналған маска

1 жұмыртқаның сарысына жарты шай қасық балды араластырып жағады. 5 минуттан соң бетті салқын сумен жуады. Екінші бір тәсілі 1 жұмыртқаның сарысына 1 шай қасық өсімдік майы, бірнеше тамшы лимон шырыны мен жаңа дайындалған көк шайды жақсылап араластырып бетке жағады да, 15 минуттан соң сумен немесе шөптен дайындалған тұнбамен шаяды. Бұл беттің қанайналымын жақсартып, әжімнің қыртысын жазады. 

Құрғақ және қалыпты теріге арналған маска

Жалбыз (мята) тұнбасына жылы кезінде матаны сулап алып бетке қояды. Мұны массаждан немесе маска жасаудан бұрын жасайды. Маска теріде 3-5 минут тұрады, орамалды 2-3 қабаттайды. Бұл беттегі қан тамырларына пайдалы, бұлшықетті босаңсытып, бетті тазартып, өлген жасушалардан тазартады. 

Салқын күйіндегі компресс бет терісін сергітіп, түсін ажарландырады, тесіктерді тарылтады. 

Әжімнің алдын алуға арналған маскалар

Күнжіт майын бетке жағып, 1 сағаттан соң қағаз майлықпен беттегі майды сүртіп алады немесе жұмыртқаның сарысына 1 ас қасық балды араластырып, бетте 10-15 минут ұстайды. Мұны құрғақ бетке күн сайын таңертең жасауға болады. Сонымен қатар 1 жұмыртқаның сарысы мен ағы (ағын әбден көпіршіту керек), 1/2 шай қасық бал, 1 шай қасық глицирин, 1 ас қасық талқанды араластырып бетке жағады да, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастайды. 

Бетті нәрлендіретін маска

Алоэ (үккіштен өткізіп алсаңыз да болады), 1 жұмыртқаның сарысы, 3 ас қасық құрғақ сүт, 1 шай қасық балдың бәрін араластырып, қоймалжың жасау керек. 20 минут бетте ұстап, жуып тастайды да артынан мұз кесегімен бетті сүртеді. Бұл масканы тоңазытқышта сақтауға болады. 

Көздің айналасындағы әжімге арналған маска

Сары май мен өсімдік майы көз айналасындағы әжіммен күресуде жақсы көмектеседі. Оны ұйықтар алдында көздің айналасына жағып, таңертең жуып тастайды. Сонымен қатар 1 ас қасық бананды езіп, сары май қосып араластырады. Оны көз айналасындағы теріге жағып, 15-20 минут ұстайды. Содан кейін жылы сумен жуып тастайды. 

Жеміс-жидектерден жасалатын маска

1 ас қасық таңқурай жапырағы мен гүліне 2 стақан су құяды. Үстін бүркіп жауып, 30 минут тұндырып қояды. Тұнбаны тоңазытқыштың мұздатқышына салып, мұзбен жатар алдында бетті сүртеді. 

Шырындардан жасалатын маска

Жүзім шырынын сүтпен араластырады, екеуін бірдей мөлшерде алу керек. Сұйықтыққа дәкені батырып, бетке қояды да сыртынан түкті сүлгі жабады. 15-20 минуттан соң дәкені алып, теріні кептіріп, крем жағады. Тағы бір тәсілі жұмыртқаның 

Дереккөз: massaget.kz

Шаш әдемілігіне қажет дәрумендер
Теріге зиянын тигізетін 5 әдет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу