Қарақұмық пен консервіленген ет
Қарақұмық - құрамында темір витамині басым жарма. Оны жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарға тұтыну өте пайдалы. Консервіленген ет пен қарақұмықты араластырып пісіруге болады. Ол тез әрі дәмді шығады.
Ингредиенттер:
1 шыны жарма
200-250 мл су
орташа пияз
шағын сәбіз
қуыруға арналған май
1 банка тушенка
1 ас қасық тамат пастасы
Алдымен қарақұмықты тазартыңыз. Содан соң су түссіз болғанша қарақұмықты жуу қажет. Пиязды ұсақтап тураңыз, ал сәбізді үккіштен өткізу қажет. Көкөністерді табада 2-3 минут қуырыңыз. Тушенканы тәрелкеге салып, бір-бірінен ажыратыңыз. Содан соң көкөністермен бірге 5 минут қуырып, тамат пастасын салыңыз. Қарақұмықты салып, үстінен су құйыңыз. Қайнағаннан кейін отты бәсеңдетіп, қақпағын жабыңыз. Ол 15-20 минутта дайын болады.
Асыңыз дәмді болсын!