Қайғылы хат жазылған бөтелке

Oinet.kz 10-10-2019 2929

Znalezione obrazy dla zapytania полицейская нашла на берегу бутылку с запиской

Znalezione obrazy dla zapytania полицейская нашла на берегу бутылку с запиской

Бәріміз де саяхаттағымыз келеді емес пе? Алыс саяхаттар, бөтен жер, бөтен аадамдар күнделікті күйбелең тіршіліктен әбден тозыққан жанымызға азық болардай... 39 жастағы Брайан да өмірі бойы жүк көлігін жүргізуші болып қызмет атқарады. Ол қаншалықты саяхаттауды армандағанымен де, саяхатты демалысын үнемі кейінгі қалдырумен жүреді. Дегенмен ол 39 жасында өмірден өтеді.

Брайанның анасы төрт доллар мен жазба салынған пакетиктерді алып, оларды бөтелкеге салып, Флоридадағы туыстарына жібереді. Олар шөлмекті теңізге лақтырып, Брайан шексіз саяхатқа аттанады. Бірақ көп ұзамай ол шөлмек жағаға келіп, полиция сержанты Пол Пендлтон тауып алған. Хатты оқып полицей әйел көңілі босайды, себебі оның да осы оқиғадан 1 жыл бұрын күйеуі көз жұмған.

Хатта былай жазылған:

«Менің балам бостандықты жақсы көруші еді, ол өмір бойына саяхаттап жүр. Сіз де мұны көрсеңіз маған хабар беріңіз, ақша ішінде тұр, содан соң бөтелкені еркіндігіне қайта жіберіңіз, ол саяхатын жалғастырсын.»

Хатты оқып Пол бөтелкені өзінің таныс капитанына береді, әлгі нақ осы кезде теңізге шыққалы отыр екен.

Орта ғасырлық Еуропадағы әйелдер үшін "масқаралық бетпердесі"
Әлемдегі ең әдемі мысық (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу