Lexus мінген полицей қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусты соқты (видео)

Oinet.kz 13-11-2021 804

Өскеменде Lexus мінген полиция қызметкері рөлге ие бола алмай, қарсы жолақта келе жатқан жолаушылар автобусына соғылды, деп хабарлайды Oinet.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Ведомство мәліметінше, оқиға 12 қарашада сағат 12.47-де болған.

Lexus көлігінің 33 жастағы жүргізушісі Үлбі өзені арқылы өтетін көпірде рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, салонында жолаушылар болған "ПАЗ" автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алған.

- "Lexus көлігінің жүргізушісі кезекшіліктен кейін демалыста болған полиция қызметкері. Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлде ұйықтап қалған. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша сау болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицей "жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, бетіндегі көптеген жарақаты" ескеріліп, қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылған, делінген хабарламада.

Дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Чё Там OSKEMEN ? (@che_tam_oskemen)

Қонаевты емдеген танымал кардиолог Евгений Чазов қайтыс болды
Тоқаев: «Түркі әлемінің геосаяси әлеуетін тиімді пайдалану керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу