Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемдегі ең ұзын автокөлік 30.5 метрлік лимузин. Джем Орбергтің қолынан шыққан дүние Калифорния штатында жасалды. 26 дөңгелектік машина Гиннестің рекордтар кітабына енген. Көлік ішінде батут, су кереуеті, спутниктік антена жӘне тік ұшақ қонатын алаң бар. Соншама ұзын көліктің көшеде бұрылғанын елестетіп көріңізші. Шын мәнісінде лимузин көрмеге экспонат ретінде құрастырылған. Бірақ бұл лимузиннің мүлдем қозғалмайды дегенін білдірмейді. Көлікті екі жүргізуші жүргізеді. Бірі алдында бірі ең артында. Мұндай көліктің тізгінін тек тәжірибелі жүргізушілер ғана қолына ала алады.