Бір денені бөлісіп келе жатқан егіз қыздар
29 жыл бойы бір денені бөлісіп келе жатқан сиам егіздері Эбигейл мен Бриттани Хенсел физикалық қиындықтарға, ауыр операцияға қарамастан, салауатты өмірге қандай да бір оң болжамдар мен өтіп бара жатқан адамдардың таңқаларлық көзқарастарына қарамастан, толыққанды өмір сүреді.
Эбби және Бриттани 1990 жылы 7 наурыз күні дүниеге келген. Егіз қыздың бір денемен өмірге келуі ата-анасы үшін де, дәрігерлер үшін д, әлем үшін таңғажайып оқиға болды. Ешкім бұл егіз қызды ұзақ өмір сүреді деп ойламады. Егіздер өмірге келемін дегенше анасы бірнеше рет ультродыбысты аппаратпен тексерілген, алайда ешқандай кінәрәт байқалмаған. Толғаө кезінде аналары бір нәрсені сезгендей болған, ал медбикелер егіз қыздарды анасына бастапқыда көрсетпеген. Десе де анасы қыздарын көре сала, оларды бауырына қысып, жақсы көрді.
Апалы-сіңлінің өмірі қыл ұстінде тұрған. Статистика бойынша 30 миллион сиам егіздерінің тек біреуінде ғана өмір сүру мүмкіндігі болады екен. Дәрігерлердің шексіз ескертулері мен ата-анасының қорқынышына қарамастан егіздер жылдан жылға дені сау баладай өмір сүре береді. Физикалық тұрғыдан да, ми қабілет тұрғысынан да балалар өз қатарластарынан еш қалыспайды.
Өыздарды екіге бөлу туралы әңгіме қозғалмаған. Және өсе келе егіздер де мұндай шешімге қарсы болады. Себебі олар бірін-бірімен өмір сүріп, ең жақын адамының үнемі жанынан табылғанына үйреніп кеткен.
Ата-аналары балаларының өмірде толыққанды баладай өмір сүріп, адам болып жетіліп кетуі үшін қолынан келгенінің барлығын жасайды. Отбасы қыздарын қарапайым мектепке береді. Осылайша олар қыздарын сыртқы ортаның көзқарасына үйреніп, мықты психика қалыптастырғанын қалағандарын айтады.
Екі бас, екі аяқ, екі қол, екі жүрек, екі өкпе, бір бауыр, екі асқазан, үш бүйрек, ортақ жыныстық мүше мен, ортақ қанайналым жүйесі – өыздардың анатомиясы шынымен де қайталанбас. Және дәрігерлер қазіргедейін қыздардың қалай өмір сүріп келе жатқандығына таңы бар.
Егіздің әр сыңары тек өзі тарапын басқара алады. Мәселен біреу Эббиді түртсе Бриттани оны мүлде сезбейді және керісінше. Олар тіптіпианинода бірге ойнайды, бірге велосипед тебеді. Олар бір-бірін керемт түсініседі. Ғалымдардың айтуынша олардың нейрондық байланыстарды басқа адамдардыңкінен жақсы жұмыс жасайды. Мәселен бірі сөйлемді бастаса екіншісі оны іштей сезіп аяқтап қояды. Бір-бірімен ақылдаспай-ақ электронды хат жаза алады.
Қазір де егіздер еш қиындықсыз өмір сүріп жатыр. Олар өазір мектеп қабырғаларында дәріс береді. Екеуі де балаларды өте қатты жақсы көреді және балалармен жақсы жұмыс жасайды.